×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Президент Іс басқармасы ауруханасында істеген: LRT-да көз жұмған азамат жайлы не белгілі

26.09.2024, 08:01
Президент Іс басқармасы ауруханасында істеген: LRT-да көз жұмған азамат жайлы не белгілі
Ulysmedia коллажы

Астанада LRT тірегінде өз-өзіне қол жұмсаған ер адам туралы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалпы Қазақстанда суицид жағдайлары жиілеп кетті. Жақында ғана болған қайғылы оқиғалардың бірі 24 қыркүйекте Астанада тіркелді. 38 жастағы ер адам LRT тірегінде асылған күйде табылған.

Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша іс тіркелгенін хабарлады. Көз жұмған азаматтың ілініп тұрғанын полицияыға ЖШС бірінің күзетшісі хабарлаған.

Полицияда елорда тұрғыны Жігер Ермолұлы Емішев атты азаматтың көз жұмғаны анықталды.

АРТЫНДА ӘЙЕЛІ ҚАЛДЫ 

Өлім құшқан ер азаматтың артында жұбайы қалды. Ашық ақпарат көздерінен оның Денсаулық сақтау саласында IT-маман болып жұмыс істегені жөнінде мәлімет бар. Оның соңғы жұмыс орны – ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығының ауруханасы. Әлеуметтік желілерде ол перспективасы бар жұмыс орындарына қызығушылық танытатынын хабарлаған.

– Перспективалы әрі қызықты жұмыс орынында мен өз дағдыларымды барынша пайдалана отырып, еңбегімді көрсете аламын, – деп жазған ол Linkedin-де.

Жігер Емішев Ақмола облысының тумасы. 2004 жылы Ерейментау қаласындағы орта мектепті, 2008 жылы Қарағанды университетін бітірген.

Оның әлеуметтік желіде белсенді өмір салтын ұстанғаны да белгілі. Мектеп кезінде Ерейментау қаласында КВН құрама командасының капитаны болған, студент кезінде математика факультетінің КВН командасының қатысушысы болған.

ЕЛДЕ СУИЦИД КӨБЕЙІП КЕТТІ

Жалпы елде кейінгі кезде өз-өзіне қол жұмсау фактілері көбейіп кетті. 16 қыркүйекте Алматыда мектептің екі оқушысы биіктен секіріп кеткен. Бұл жайттың басқа да нұсқасы бар деген әңгіме тараса да, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұл фактіні “сөзсіз суицид” деп есептейді.  

Оның алдында Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында сержанттың суицид жасағаны жөнінде ақпарат тараған. Қорғаныс министрлігіне қарасты Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғары оқу орнын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды. Әскери бөлім оның туған-туыстарына жас жігіт асылып қалғанын айтқан. Алайда марқұмның туған-туыстары бұл нұсқаға күмәнмен қарайды.

Алматыда Almaty Management University студенті қаза болғаны да хабарланды.

Депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің телеграмм арнасында мұндай жайттар жайлы ақпарат тараған сайын жағдай ушығатынын, ол «Вертер әсері» деп аталатынын ескептеді. Оның сөзінше, Вертер әсері – бұл феномен, суицид туралы ақпараттар жарияланғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсау жағдайларының көбеюін көрсетеді, әсіресе мұндай хабарламалар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таратылған кезде байқалады.