×
478.16
534.92
5.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.16
534.92
5.18

Атырау халқы биліктен күдер үзіп, өздері жол салуға кіріскен

Атырау халқы биліктен күдер үзіп, өздері жол салуға кіріскен
Фото: ашық дереккөз

Атыраудағы "Нұрсая" шағын ауданының тұрғындары балалардың мектепке қатынауы үшін жергілікті биліктің тротуар салуын ұзақ күткенімен, еш нәтиже шықпаған. Амалы таусылған халық іске өздері кірісіпті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ХАЛЫҚ МӘЖБҮР БОЛДЫ

Тұрғындардың айтуынша, әсіресе, күзде және қыста балшық пен шалшыққа байланысты оқушылардың білім ошағына баруы қиындайды. Сондықтан олар өздері ақша жинап, паддон сатып алып, өз күштерімен жол сала бастады.

Белсенді Нұрлан Жүнісов адамдар мұны өз бетінше жасауға мәжбүр болғанына ашуланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Асланбек + Гүлайым». Атыраулық әйел Батумиде сирек кездесетін бамбукке есімін жазып кеткен

”БІЗДІҢ ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ҚАЙДА?”

Біздің жергілікті билік қайда?! Былтыр да депутаттарға  көрсеткенмін. Әкімдіктен адамдар келіп көрді де, кейін жоғалып кетті. Әне, тұрғындар өздері материалдар сатып алып, өздері жасап жатыр. Мұнайлы астана деп айтады… Көріңіздер, – дейді ол.

Еске салсақ, бүгін Атырауда зорлық-зомбылыққа ұшыраған жасөспірім қыз әділдікке жете алмай жүргенін жазған болатынбыз.