×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

«Асланбек + Гүлайым». Атыраулық әйел Батумиде сирек кездесетін бамбукке есімін жазып кеткен

«Асланбек + Гүлайым». Атыраулық әйел Батумиде сирек кездесетін бамбукке есімін жазып кеткен
Фото: дереккөз

Атыраулық әйел Грузияның Батуми қаласында орналасқан Ботаникалық бақта сирек кездесетін бамбук ағашына ойып тұрып есімін жазған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы бұрынғы шенеунік, қазіргі баспагер Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Осындайымызды қашан қоямыз?..

Мына келіншек Грузияға қыдырып барған. Батумиде керемет Ботаника бағы бар. Осыдан 18 жыл бұрын болғам.

Атыраудан келген келіншек өсіп тұрған сирек бамбукке барып атын жазыпты.

Соңғы уақытта шетелден қайтқан қазақтар туралы жаңалық вандализм туралы болып тұр.

Атыңды шығарудың ізгі жолы көп емес пе?

Шетелге барсақ адамға да, мүлікке де зиян тигізбей, тыныш жүрейікші, – дейді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Чикагоның қақ ортасына Шымкент деп жазып кеткен әдепсіздердің әрекеті желідегілердің ашуын туғызған болатын.