Алматы қаласының сыбайлас жемқорлық қарсы қызметі тұрақты негізде тапсыру мерзімі бұзылған, қаржы жымқыру қаупі бар әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысына мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еліміздің барлық өңірінде барлығы 156 нысан орнатылды. Оның ішінде 5 нысан Алматы қаласы бойынша орналасқан.
2024 жылдың тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шараларының арқасында 2019 жылы құрылысы басаталып, 2020 және 2021 жылы аяқталуы тиіс «Шанырак-1,2 шағын ауданында сарқынды суларды айдау станциясының құрылысы» және «Алматы қаласы Қарасу шағын ауданының шығыс бөлігінде сумен жабдықтау және су бұру» объектілері пайдалануға берілді.
Аталған шағын аудандарда 6,5 мыңнан астам үй 5 жыл бойы сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылмаған.
2023 жылғы қарашада және 2024 жылғы наурызда осы ұзақ құрылыстарды аяқтау мәселесі қала әкімінің қатысуымен ведомствоаралық комиссияда қаралды.
Құрылыс барысын жедел бақылау үшін жылбасынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлері еріктілермен бірлесіп апта сайын осы объектілерге барып, туындайтын мәселелерді шешуге және жұмыс кестелерін сақтауға ықпал етті.
Бүгінгі таңда екі нысан да сәтті пайдалануға беріліп, техникалық бақылау сатысында тұр. Бұл қажетті коммуналдық қызметтерге қол жеткізген мыңдаған алматылықтардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды қадам болды.