×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз”. Ербаян Мұхтарды Түркияға алып кетті

27.09.2024, 10:32
"Елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз”. Ербаян Мұхтарды Түркияға алып кетті
Коллаж

Әскерде жараланған Ербаян Мұхтарды емдеу үшін арнайы бортпен Түркияға алып кетті. Бұл туралы құқыққорғаушы Инга Иманбай Facebook парақшасында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ЕРБАЯН, МЫҚТЫ БОЛ”

“Ербаян Стамбулға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз” делінген Инга Иманбайдың жазбасында.

Ербаянды Түркияға жеткізу үшін мемлекет арнайы борт шығарған. Ербаян Мұхтардың ем-домы Ыстамбұлда жалғасады.

Жақында Ербаян Мұхтардың әкесі мен шешесі, адвокаты Инга Иманбай Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізген еді. Сол кезде заңгер Инга Иманбай Ербаянның ісі қазір мүлде жүрмей тұрғанын мәлімдеген.

САРБАЗ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Ербаян  Мұхтарұлы 22 жаста. Отбасында 4 баланың үлкені. Әскерге өзі сұранып барған. Бірнеше айдан кейін комаға түсіп, ауруханаға жеткізілген. Әскерге кетпес бұрын жас жігіттің дені сау болған, спортпен шұғылданған.

ЕРБАЯННЫҢ ЕМІНЕ ХАЛЫҚ ҚАРАЖАТ ЖИНАП ЖАТЫР

Желіде тараған Ербаянның емхана керуетіндегі суреті адамның жанын түршіктіреді. Күннен күнге солып бара жатқан сарбазға бас сүйегі ауыр зақымданған, маңдай мен самайдан тиген қатты соққыдан миы ісіп кеткен, қарақұсы сынған деген диагноздар қойылып отыр. Сарбаз шұғыл Түркиядағы клиникалардың бірінде емделуі керек. Оған шамамен 30 млн теңге қаражат керек.  Мамандар науқас клиникада кем дегенде 3 ай емделмесе беті бері қарамайтынын айтады. Осы мақсатта Ербаянның еміне халықтан қаражат жиналып жатыр. Ол үшін арнайы Instagram парақша ашылған. 

Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарды туған-туыстары Астанаға жеткізе алмаған. Ulysmedia.kz редакциясына хабарласқан олар президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған еді. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.