Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт маңында тұрған әйелдің үстіне қаптама плитка құлап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға “Бұқар жырау” тұрғын үй кешенінде болған.
Денсаулық сақтау басқармасындағылар ақпаратты растады.
27 қыркүйекте жедел медициналық жәрдем бригадасы №1 көпсалалы қалалық ауруханаға 1978 жылы туған әйелді жеткізді. Дәрігерлер тексерісінен кейін зардап шегушінің миы шайқалғаны анықталды. Ол ауруханаға жатқызылды. Жағдайы орташа, тұрақты, – деп хабарлады ведомство.
Астана қалалық Полиция департаменті әзірге пікір білдірген жоқ.