Бұл туралы Украина ІІМ басшысының орынбасары Леонид Тимченко айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
55 000 АДАМ ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН
Украина ІІМ басшысының орынбасары Леонид Тимченконың айтуынша, Ресейдің әскери әрекеттері салдарынан жоғалған украиндардың тізімінде қазіргі уақытта 55000 адам бар, олардың көпшілігі әскери қызметкерлер.
"Жоғалған адамдардың тұрған жері анықталған кезде, кейбір жағдайларда азамат, мысалы, тұтқында болады", - деді Тимченко.
Ара-тұра қаза тапқандардың арасынан бұрын жоғалып кеткен азаматтар табылып жатады.
Жоғалған азаматтар туралы мәліметтер енгізіле бастаған бірыңғай тізім Украинада 2023 жылдың мамырында іске қосылды. Содан кейін ел ІІМ 23 мың хабар-ошарсыз кеткендер туралы мәлімдеді. 2024 жылдың шілдесінде министрлік деректерді жаңартып, тізілімге 42 мың украиндық енгізілгенін хабарлады.
БҰҒАН ДЕЙІН
Өткен жексенбіден бері АҚШ-та ресми сапармен жүрген Украина президенті Владимир Зеленский көптеген кездесу өткізіп, еліне аса керек кезекті миллиардтарды алуға қол жеткізгенін жазған едік.
Бейсенбіде ол Ақ үйде президент Джо Байденмен, президенттікке үміткер Камала Харриспен, Конгресте Республикалық және Демократиялық партиялардың өкілдерімен кездесті.