×
478.54
533.76
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.54
533.76
5.17

"Жанболат Мамайға аударамыз": "Ұлыс медиа" "Үркердің" сыйақысын қайда жұмсайтыны белгілі болды

Бүгін, 22:05
"Жанболат Мамайға аударамыз": "Ұлыс медиа" "Үркердің" сыйақысын қайда жұмсайтыны белгілі болды

Бүгін Ulysmedia ұжымы  "Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанды. Бас редактор Самал Ибраева желідегі парақшасында қаржылай сыйақыны қайда жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

“СЫНДЫ ҚАБЫЛДАЙ АЛМАЙТЫНДАР КӨП”

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева “Үркер” ұлттық сыйлығының марапаттауынан соң парақшасында жазба жариялап, дербес медиалардың жұмысына жанкүйер екенін жазды.

“Ұлыстың контенті бәріне бірдей ұнай бермейтінін білеміз. Олай болуы міндетті де емес. Сынды қабылдай алмайтындар көп. Дегенмен біз мемлекетшілдіктен айныған емеспіз. Сөз бостандығы болса, елдегі кемшіліктер ашық айтылса, түзелсе деп жүреміз. Өзім дербес медиалардың жұмысына әрқашан жанкүйермін”,- деді Самал Ибраева. 

ЖАНБОЛАТ МАМАЙҒА АУДАРДЫ

“Ұлыс медиа” ұжымының «Әділ сөз» жобасы аясында әзірленген Қазақстандағы әуежайлар туралы аналитикалық материалы үздік деп танылған. Ал қаржылай сыйақыны ұжым Жанболат Мамайға аударды.

“Біз Ұлыс ұжымымен “Үркер” қаржылай сыйлығын қоғамдық-саяси және журналистік жұмыспен айналысуына 6 жылға тыйым салынған әріптесіміз Жанболат Мамайға көмек ретінде аударуға шешім қабылдадық. Бір-бірімізді әрқашан қолдап жүрейік”,- деп жазды Ибраева.

“ҮРКЕР” ТУРАЛЫ

Дәстүрлі «Үркер» ұлттық сыйлығы 12 номинация бойынша табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл БАҚ өкілдерінен 400 өтінім түскен. БАҚ өкілдерінің жұмыстарын беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиа-сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. 

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «Үркер» - 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды. 

«ҮРКЕР» сыйлығының жеңімпаздары: 

1. Жылдың үздік сұхбаты – Нұрлан Оразғалиев (Inbusiness.kz); 
2. Жылдың үздік репортажы – Юлия Абрамова (Nur.kz);
3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал – Ксения Евдокименко (Time.kz);
4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі – Нұрлат Байкенже (Астана ақшамы газеті);
5. Жылдың үздік аналитикалық материалы – Тимур Ниталиев (Ulysmedia.kz);
6. Радиостанциядағы үздік жоба – Қымбат Досжан (Қазақ радиосы);
7. Жылдың үздік фотосуреті – Сали Сабиров (Olympic.kz);
8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы – Abai.kz;
9. Үздік өңірлік БАҚ – Наш Костанай газеті;
10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында) – Торғын Ашенова (Омбы қазақтары газеті);
11. Үздік подкаст – NeQuryltay;
12. Үздік YouTube каналы – Sayahat Time (balbal.kz).