×
479.23
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.23
534.96
5.16

Атырау тұрғыны жаяу жүргіншілер көпірінен суға секіріп кетті

Бүгін, 11:40
Атырау тұрғыны жаяу жүргіншілер көпірінен суға секіріп кетті
Рахым Қойлыбаев

Атырау қаласында жаяу жүргіншілер көпірінен суға секірген адам құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін 112 желісіне Атырау қаласы Тұрғындар ықшам ауданында жаяу жүргіншілер көпірінен белгісіз адам суға секіріп кеткендігі жөнінде оқиға куәгерінен хабарлама түскен. 

Шақырту орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары адамды судан шығарып, қайық үстінде алғашқы көмек көрсетіп, есін жидырып алған. Құтқарылған адам кейін жедел жәрдем қызметкерлеріне табысталғаны белгілі болды.

«Куәгерлердің айтуынша, бұл адам өз-өзіне қол жұмсау ниетімен өзенге секірген. Құтқарушылар зардап шеккен адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырды, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.