Дағыстан астанасы Махачкала қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылыс салдарынан көз жұмған азаматтар саны артты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ЖАҒДАЙ
Соңғы мәлімет бойынша қаза тапқандардың қатары 13 адамға артқаны белгілі болды.
Ал жалпы зардап шеккендер саны 25 адам.
Дағыстан астанасы Махачкала қаласындағы жанармай құю бекетінде жарылыс болып, 5 адамның қаза тапқанын хабарлағанбыз.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Қайғылы оқиға болған аймақта төтенше жағдай жарияланды, құтқарушылар астынан қаза болғандардың мәйіттері табылған үйінділерді тазалауды жалғастырып жатыр. Жарылыс құрбандарының арасында екі бала бар.
Бұған дейін 28 қыркүйек Дағыстанда жарылыстан қаза тапқандарды аза тұту үшін қаралы күн болып жарияланғанын жазғанбыз.