×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан тағы бір африкалық елмен визасыз режимге қол жеткізді

29.09.2024, 11:58
Қазақстан тағы бір африкалық елмен визасыз режимге қол жеткізді
Ашық дереккөзден

Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мұндай келісімге БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының шеңберінде өткен кездесулер барысында қол қойылғанын мәлімдеді.

“Қазақстан мен Сьерра-Леоне дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды” делінген сыртқы істер ведомствосының ақпаратында.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Ең аз дамыған елдер, теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттер мәселелері бойынша БҰҰ-ның Жоғары өкілі Рабаб Фатимамен де кездесу өткізген.

ҚАНДАЙ ЕЛ?

Сьерра-Леоне – Атлант мұхиты жағалауындағы батыс Африка мемлекеті. Астанасы – Фритаун, ресми тілі – ағылшын тілі. 1961 жылы Сьерра-Леоне Ұлыбританиядан тәуелсіздік алды. Ел 1990 жылдары азаматтық соғысты бастан өткерді, ол 2002 жылы аяқталды.