×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Қызыл кітапқа енген жылан Қазақстаннан Өзбекстанға қалай өтіп кеткен?

29.09.2024, 14:36
Қызыл кітапқа енген жылан Қазақстаннан Өзбекстанға қалай өтіп кеткен?
pixabay.com

Қазақстан шекарасынан өтіп, Өзбекстан шекарасындағы тексеру кезінде белгісіз азаматтың сөмкесінен Қызыл кітапқа енген альбинос жолбарыс питон табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстаннан Өзбекстанға алып өтпек болған бұл бауырымен жорғалаушы оңтүстік, оңтүстік-шығыс Азияны мекен ететін сирек кездесетін жылан .

Ташкент облысы кеден департаментінің баспасөз қызметі қазіргі уақытта тергеуалды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады:

"Гишт-Куприк" шекаралық кеден бекетінде Қазақстаннан кірген ер адамның сөмкесін бақылау-рентгендік жабдықтың көмегімен тексеру кезінде жылан табылды, бұл туралы ауызша хабарламада айтылған. Кедендік декларацияда бауырымен жорғалаушылар көрсетілмеген".

Бұл жылан Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілгендіктен, оны Өзбекстанға әкелу үшін халықаралық рұқсат қажет. Бірақ тасымалдаушы азаматта ол жоқ болып шықты.

Альбинос түсті жылан Ташкенттегі хайуанаттар бағына тапсырылды. Ал ондағы мамандар оның жағдайын тұрақты деп бағалаған.

Алып жыланның Қазақстанға қалай келгені, оны әлгі азаматтың Қазақстан шекарасынан қалай алып өткені түсініксіз күйде қалды. 

Өйткені қазақстандық құзырлы органдар оқиғаға қатысты әзірге түсінік берген жоқ.