×
$
451.87
€
507.31
₽
5.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.87
€
507.31
₽
5.53

Жаңбыр, қар және көктайғақ: демалыс күндері ауа райы қандай болады

Бүгін, 14:05
Жаңбыр, қар және көктайғақ: демалыс күндері ауа райы қандай болады
Ulysmedia

7-9 қараша аралығында Қазақстан аумағы арқылы екі циклон өтеді. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте көктайғақ болады. Ал оңтүстік өңірлерде күн жылып, ауа температурасы +27 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әуелі елдің солтүстігі арқылы солтүстік циклон өтеді. Ал 8 қарашадан бастап оңтүстік циклон бүкіл ел аумағына таралады. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Қай өңірлерде жауын-шашын күшейеді

8 қарашада батыста қатты жаңбыр жауады. 9 қарашада солтүстік-батыс пен батыста жаңбыр аралас қар жауып, оңтүстікте күндіз нөсер жаңбыр болады.

Ауа температурасы

Батыс өңірлерде күн суытады. Түнде ауа температурасы -8 градустан +3 градусқа дейін, күндіз +2...+10 градус аралығында болады.

Солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, -3...+5 градус шамасында болады. Түнде -6 градустан +3 градусқа дейін өзгереді.

Шығыста күн жылынады. Түнде -5...+8 градус, күндіз +9...+17 градус болады.

Ең жылы ауа райы оңтүстікте сақталады. Түнде +7...+17 градус, күндіз +18...+27 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста түнде +7...+15 градус, күндіз +17...+25 градус болады. Таулы аймақтарда түнде 0...+5 градус, күндіз +10...+15 градус шамасында болады.

Елдің қалған өңірлерінде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.