×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Туысының телефонын ұрлап кеткен ер азамат қолға түсті

29.09.2024, 17:42
Туысының телефонын ұрлап кеткен ер азамат қолға түсті
Ашық дереккөзден

Жамбыл облысы, Байзақ ауданында полицейлер ұрлық жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

44 жастағы әйел көлігін үйдің ауласына қойып, есіктерін құлыптауды ұмытып кеткен. Ол кейінірек көліктегі ұялы телефонының жоғалғанын байқаған. Келтірілген залал сомасы 170 мың теңге.

“Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 20 жастағы жігітті анықтады. Ол жәбірленушінің туысы болып шықты. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам кінәсін мойындады”, деділген Жамбыл облыстық ПД хабарламасында.

Сондай-ақ полиция көлік иелеріне сақ болуға, терезелері мен есіктерін ашық қалдырмауға, көлік құралдарын мамандандырылған автотұрақтарда, жарықтандырылған жерлерде немесе бейнебақылау камераларының көріну аймағында қоюға кеңес береді.