×
479.23
534.96
5.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.23
534.96
5.16

Адамгершілігі мол екен – құлсарылық жігіт суға кете жаздаған итті алып шықты (ВИДЕО)

Бүгін, 09:44
Адамгершілігі мол екен – құлсарылық жігіт суға кете жаздаған итті алып шықты (ВИДЕО)
скриншот

Құлсары тұрғыны өзен суына кете жаздаған итті құтқарып қалды. Оған басқа азаматтар да көмектескен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Итті құтқарған видео Атырау облысы Құлсары қаласының әлеуметтік желілерінде тарап кетті.

– Осындай жігіттеріміздің еңбегі елеусіз қалғаны өкінішті. Итті қолымен алып шыққан 4-ші ауылдың Аманкелді деген жігіті болады, – делінген жазбада.

Пікірлерде итті құтқарған жігіттің есімі Жұбатыров Амангелді Қуанұлы атты азамат екені жазылады. Ол өзен жиегіне түсіп, итті алып шықпақ болғанда басқа азаматтар да қол ұшып созған. Итті солай бәрі алып шыққан.