×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Хрущевкалардан» құтылатын уақыт келді. Астанада балкон опырылды

30.09.2024, 16:29
«Хрущевкалардан» құтылатын уақыт келді. Астанада балкон опырылды
дереккөз

Астанада көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы балкон опырылып түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ЖАҒДАЙ

Оқиға Григорий Потанин көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Балкон опырылып, бесінші қабаттағы бетон плитасы кенеттен сынып, төртінші қабатқа құлаған.

Оқиға куәгерлері балконда тұрған әйелдің темір торларды ұстап, соның арқасында аман қалғанын атап өтті.

ЖЕКЕ МЕНШІК

Аталған оқиғадан кейін үй тұрғындары опырылған балкон мәселесіне байланысты Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінген. Алайда, балкондар жеке меншік екенін, оны қалпына келтіру бөлімнің құзырында емес екенін алға тартып, құтқарушылар оқиға орнына барудан бас тартқан.

«ХРУЩЕВКАЛАР»

Григорий Потанин көшесі қаланың оң жағалауында орналасқан. Халық «Хрущевка» атап кеткен 5 қабатты үйлері көп көше. Бұл үйлердің салынғанына да жарты ғасырдан астам уақыт болғаны белгілі. Үйлердің жағдайына байланысты ел ішінде «Хрущевкалардан» құтылатын уақыт келді деген пікір бар.