×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

180 млн теңге. Шымкентте ХҚКО қызметкері алаяқтықпен айналысқан

30.09.2024, 17:59
180 млн теңге. Шымкентте ХҚКО қызметкері алаяқтықпен айналысқан
ашық дереккөз

Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маман қызметін атқарған А. бірнеше адамды алдап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент соттарының мәліметінше, сотталушы А. 2022 жылы жәбірленуші К.-ға, алаңы 20,0800 га жер учаскесін оның атына жекешелендіріп беретінін айтқан. Әрі қарай, тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс жасауға келісіп, пәтерді арзан бағаға алып беретіні туралы алдап 113 миллион теңге қаражат алған.

Қалған 14 көрініс бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушіден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде ақша өндірген. Жәбірленушілерге  71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген. Сот А.-ға ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен алты жыл сегіз ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады, – делінген хабарламада.

Қалған 14 оқиға бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушілерден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасап, жалпы 71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Сотталушының кінәсі өз жауаптары, жәбірленушілердің жауаптары, заттай дәлелдемелер, жауап алу хаттамалары, беттестіру хаттамалары және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығы арқылы толық дәлелденген.

Сот сотталушы кінәсін ішінара мойындағанын, шын ниетпен өкінбегенін, 14 жәбірленушілердің аса ірі мөлшердегі талаптары жалпы 179 000 000 теңгеден асатын залал сомасы өндірілмегенін және жәбірленушілердің кешірім бермегенін, заңмен көзделген бас бостандығынан айыру, қатаң жаза тағайындау пікірлерін ескерген.