×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Омикрон» штамына байланысты Қазақстан шекарада бақылауды күшейтеді

30.11.2021, 08:33
«Омикрон» штамына байланысты Қазақстан шекарада бақылауды күшейтеді
Фото: Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігінің бұл ұсынысын үкімет басшысы Асқар Мамин қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Елде жалпы эпидемиологиялық жағдай тұрақты күйде сақталып тұр. Стационарлық және амбулаторлық емдеудегі науқастар саны айтарлықтай азайды. Инфекциялық ауруханалардағы орындар 29 пайызға, ал реанимациялық орындар 23 пайызға толық. «Қызыл аймақта» Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалып отыр, 5 өңір – сары аймақта, 11 - жасыл аймақта», - деді Асқар Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер-министр басқа елдерде коронавирустың «Омикрон» деген жаңа штаммының пайда болғанын ескере отырып, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді.

«Ел ішінде де эпидемиологиялық жағдай үнемі бақылауда болуы қажет, ғимараттар мен көлікте маска кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау жалғассын.   Халықты вакциналаумен және ревакциналаумен тиісінше қамтамасыз ету қажет. Қазіргі уақытта шамамен 8,8 млн адам бірінші компонентті салдырды, бұл 18 жастан асқан адамдардың 76,6 пайызы және 8 миллионнан астам адам екінші компонентті салдырды, бұл – 70,8 пайыз. Бірақ бұл ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін әлі жеткіліксіз. Денсаулық сақтау министрлігіне Ақпарат министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын», - деді Мамин.