×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Месси жетінші рет «Алтын доп» иегері атанды

30.11.2021, 09:02
Фото: ашық дереккөзден

Франциялық «Пари Сен-Жермен» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2021 жылдың қорытындысында жетінші рет «Алтын доп» жүлдесін алды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Футбол әлеміндегі беделді сыйлыққа дауыс беру нәтижесінде екінші орынды «Бавария» және Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски еншілесе, үшінші орын «Челси» және Италия құрамасының ойыншысы Жоржиньоға бұйырды.

Месси «Алтын допты» бұған дейін 2019 жылы да алған болатын. Ал 2020 жылы коронавирус дерті салдарынан тиісті сыйлық ешкімге тапсырылмады.

Серіктес жаңалықтары