7 қазанда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша теңге негізгі валюталардың барлығына қатысты айтарлықтай нығайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Доллар 5 теңгеден астам арзандады
Доллардың бағамы 1,22% төмендеп, 452,74 теңгеден 447,21 теңгеге түсті. Осылайша, бір сауда күнінде америкалық валюта бірден 5,53 теңгеге арзандады.
Еуро пайыздық көрсеткіш бойынша одан да қатты төмендеді – 1,56% түсіп, 500,67 теңге болды.
Юань 1,37% арзандап, 66,6395 теңге болды. Ал рубльдің бағамы 0,49% төмендеп, 5,2361 теңге болды.
Осылайша, теңге негізгі валюталардың барлығына қатысты қатарынан екінші сауда күнінде нығайды.