Осы аптада Үндістандағы Уттараханд штаты Сурия жаттығу базасында Үндістан мен Қазақстан әскерилерінің бірлескен оқу-жаттығу жиыны – KAZIND-2024 басталды. Жиын 13 қазанға дейін жалғаспақ. Бұл ынтымақтастық 2016 жылы басталған, алдыңғы жиын 2023 жылы Қазақстандағы Отар әскери полигонында өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Оқу-жаттығу жиыны қос елдің әскери мүмкіндігін күшейтуге бағытталған. Оның барысында БҰҰ Қарарының VII бөлімінде көрсетілген дәстүрлі емес соғыс жағдайындағы лаңкестік операцияларға қарсы шабуылға ерекше ден қойылған.
Әскери іс-шараға Үндістан жағынан әскер мен әуе күштерінен тұратын 120 қызметкер кіретін Куманон региментінен құрылған батальон қатысса, Қазақстан тарапын құрық әскері мен десантшылар қатысады.
МАҚСАТЫ
KAZIND-2024-тің негізгі мақсаты – әскери күштер арасындағы екі жақсы іс-қимылды күшейту. Бірлеске операцияларға қатысу арқылы қос тарап та лаңкестікке қарсы шараларды өткізуде өзінің қабілетін жақсартқысы келеді, әсіресе мұндай операциялар жиі болатын жартылай қалалық, таулы жерлерде машықты шыңдау көзделген.
“KAZIND-2024-тың нақты мақсаттарына террористік қимылға бірлесе әрекет етуді пысықтау, бірлескен командалық пункт, барлау мен бақылау орталықтарын құру кіреді. Үнді, қазақ күштері тік ұшаққа арналған алаңдар мен отырғызатын орындарды қауіпсіздендіру бағытында жұмыс істеп, еркін секіру мен арнайы тік ұшақ операцияларын жүзеге асырады. Бұдан бөлек оқу-жаттығуда заманауи әскери техника эволюциясын көрсететін ұшқышсыз құрылғылар мен оларға қарсы жүйелер жұмылдырылады” делінген хабарламада.
БІРЕГЕЙЛІГІ
Оқу-жаттығу жиынында аса маңызды инфрақұрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ықтималды қатерді жоюға бағытталған тактикалық жаттығулар өткізіледі. Бұл жаттығуларда елдімекендердегі террористік элементтерді анықтап, жою үшін “қоршау және іздеу” операциялары жүзеге асырылады.
Сондай-ақ жиында коммуникациялық және командалық орталықтар құруға баса назар аударылады. Бұл бірлескен операцияларда мүдірместен келісім орнату үшін аса маңызды. Әскери операцияны қос тарап та бақылауда ұстап, қабылданар шешемдерді жетілдіру үшін бірлескен командалық пост пен Барлау, бақылау орталығы құрылады.