×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Түркістан облысында ер адам әйелін күштеп жындыханаға жатқызған

Түркістан облысында ер адам әйелін күштеп жындыханаға жатқызған
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында күйеуі әйелін күштеп психикалық сауықтыру орталығына жатқызған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҮШ КҮН ЖАТҚАН

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, отбасындағы жанжалдан кейін күйеуі екі досымен бірге оны байлап, Шымкенттегі облыстық психикалық денсаулық орталығына апарып тастаған. 

Күйеуі орталық қызметкерлерімен алдын ала келісіп, әйелді ақыл-есі кем деген диагнозбен орталыққа орналастырған.

Әйел емханада үш күн жатқан. Ол осы мекемеде болған кезде орталық қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне куә болғанын да айтты.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖАБЫЛЫП ҚАЛҒАН

Әйел Түркістан қалалық Полиция басқармасына арыз жазып, қылмыстық іс қозғалған. Алайда 2024 жылдың тамыз айында қылмыстық іс белгісіз себептермен жабылып қалған. 

Қазір Түркістан қаласының прокуратурасы қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс қайта қозғалды.