Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісіне байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналистер Сарқұловтан Бекетаевтың ісі "Болашақ" консалтингтік компаниясының бас директорына қатысты тергеумен байланысты ма деп сұраған.
– "Істерде "құпия" белгісі бар. Себебі миллиондаған доллар кетіп, өз шешімін таппаған арбитраж істері бойынша қазір тиісті тергеулер жүргізіліп жатыр. Істер құпияланған. Мен дәл қазір нақтысын айта алмаймын. Істер бар, біз бұл істерге міндетті түрде құқықтық баға береміз, – деді Сарқұлов.
МАРАТ БЕКЕТАЕВ
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы 21 қазанда Антикор бұрынғы әділет министрінің лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғанын хабарлаған еді. Агенттіктің мәліметінше, ол мемлекетке аса ірі залал келтірген, көрінеу талап етілмейтін қызметтер көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасасу арқылы аффилиирленген компанияның мүдделерін қолдады.
Бас прокуратура Бекетаевты елден қашпақ болғанда ұсталғанын хабарлады.
Марат Бекетаев 2016-2022 жылдары әділет министрі қызметінде болды. Қаңтар оқиғаларынан кейін қызметінен кетті. Бекетаев бірнеше даумен есте қалды: оның есебінде ұзақ жылдарға созылған Қазақстаннан тыс сот тергеуі мен қашқын Мұхтар Әбіләзовтің ізіне түсу ісіне жетектішік еткені бар.