×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«ЛГБТ насихаты». Грузия президенті «отбасы құндылықтары» туралы заңға қол қоймады

02.10.2024, 15:22
«ЛГБТ насихаты». Грузия президенті «отбасы құндылықтары» туралы заңға қол қоймады
ашық дереккөз

Грузия президенті Саломе Зурабишвили "отбасы құндылықтар және кәмелетке толмағандарды қорғау туралы" заң жобалары пакетіне қол қоюдан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң жобаларының ішінде "ЛГБТ насихаттауға" және гетеросексуалды емес адамдардың бала асырап алуына тыйым салу туралы баптар бар. 

ЗАҢ НЕНІ ҚАМТИДЫ

Заң жобаларының пакеті төмендегідей мәселелерді қамтиды:

- ЛГБТ тақырыбына қатысты мәселелер бойынша БАҚ пен мектептерге цензура енгізу;
- жыныс ауыстыру бойынша операциялар мен заңды рәсімдерге тыйым салу;
- Грузияда ешқашан заңдастырылмаған болса да, бір жынысты некеге тыйым салу;
- гетеросексуалды емес ерлі-зайыптылардың бала асырап алуына тыйым салу.
Сонымен қатар, заң жобасына сәйкес, 17 мамырды отбасы қасиеті мен ата-аналарға құрмет күні ретінде белгілеу ккөзделген. 

ҚОЛ ҚОЙЫЛМАДЫ

Зурабишвили өзінің шешімі туралы әлі түсініктеме берген жоқ, бірақ оның себептерінің бірі гомофобияны басты проблемаға айналдырмауға деген ұмтылыс болуы мүмкін, деп жазады грузин басылымы Civil Georgia.

Грузия парламенті 17 қыркүйекте заң жобаларының пакетін қабылдаған. Ал президент оған қол қоюдан бас тартты, бірақ оған вето қойған жоқ. Бұл пакет түзетулер енгізу үшін Парламентке оралмайтынын білдіреді. Енді оған Парламент төрағасы Шалва Папуашвили бес күн ішінде қол қоя алады. 

Қазақстанда да "ЛГБТ насихаттауға" тыйым салу туралы заң қарастырылып жатыр. Тиісті петицияны Мәдениет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Білім министрлігі және ҚР ІІМ ішінана қолдаған.