Танымал продюсер Баян Мақсатқызы өзінің инстаграмм желісіндегі парақшасында елдің әлеуметтік мәселелеріне араласуға жиі шақыру алатынын айтты, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
“МЫҢДАҒАН ХАТ КЕЛЕДІ”
“Құрметті Баян Мақсатқызы біз сізді Қарасай ауданы, Іргелі ауылына шақырамыз. Ауылда жол жоқ, жарық жоқ. Тіпті мектептің алдында жарық орнатылмаған. Бізге осының бәріне көз жұма қараңдар деп отыр. Олардың айтатыны “шыдаңдар” дейді”,- деп жазған желі қолданушысы.
Жекесіне келген осы хатты жариялаған продюсер мұндай сарындағы хаттардың көп екенін жазды.
“Мұндай хаттардың мыңдағаны келеді. Шыдаңдар дей ме?”,- деп жазды Алагөзова.
Бұдан бірнеше күн бұрын Баян Алагөзова Шагабутдинов көшесінің нашар жолы туралы желідегі парақшасында айтқан. Кейін осы көшеде жөндеу жұмыстары басталғаны белгілі болды.
“Баян Мақсатқызының стористерінің арқасында Шагабутдинов көшесінде жөндеу жұмыстары басталды. Осындай жандар көп болса еліміз бұдан да жақсы болар еді”,- деген кезекті желі қолданушысы.
Жол жөндеу жұмыстарының жоспарлы түрде орындалып жатқаны немесе расында танымал продюсердің жазбасынан кейін басталғаны әзірге белгісіз.
“БІЗДІ ЕРКЕКТЕР БАСҚАРЫП ОТЫР”
Бұған дейін белгілі тележүргізуші, актриса, әнші және продюсер Баян Алагузова саясатта болса, Қазақстан үшін не істейтінін айтқан.
"ЕНДІ ЖАСЫРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ"
Баян Мақсатқызы баланы кімнен «көтергенін» айтқан еді.
Сондай-ақ Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзов жуырда ғана туған күнін дүркіретіп тойлағанын көрсеткен едік.
ТҰРСЫН АЛАГӨЗОВ
Тұрсын Алагөзов танымал қазақстандық кәсіпкер. Ол осы жылдың көктемінде Шымкенттегі сыра зауытын иеленген. "Шымкент сыра қайнату зауыты" ЖШС олигарх Тоқтар Төлешовке тиесілі болған "Шымкентпиво" ЖШС-нің мұрагері. Кәсіпкер трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құрғаны үшін, сондай-ақ билікті басып алуға шақырғаны үшін кінәлі деп танылып сотта болғаннан кейін кәсіпорын қарызын өтей алмай қалған. Ал берешегі 1,8 млрд теңгеге жеткенде, банк талабы бойынша "Шымкентпиво" банкрот деп танылды.
Алагөзов Шымкент сыра зауытынан басқа келесі компаниялардың құрылтайшысы немесе тең құрылтайшысы:
- "Adal Su" ЖШС – меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, салықтар – 2015 жылдан бастап 122,1 млн теңге;
- "Chemolgan Food Station" ЖШС – меншікті жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару компаниясы, салықтар – 2015 жылдан бастап 5,3 млн теңге;
- "Үйге арналған сусындар" ЖШС – басқа да жеке қызметтер көрсететін компания. Салықтар – 2015 жылдан бастап 59,1 млн теңге, 2023 жылдан бастап аударымдар жоқ;
- "Солтүстік шамдар Лтд" ЖШС – тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар өндірісі, дүкендерден тыс өзге де бөлшек сауда, 2015 жылдан бастап 70,9 млн теңге салық төлеген;
- "Феникс Компани" ЖШС – азық-түлік, сусындар мен темекі өнімдерінің көтерме саудасы, тауарлардың кең ассортиментімен көтерме саудасы. Салықтар – 2015 жылдан бастап 5,9 млрд теңге;
- ЖШС "Mercury.Kz" – тауарлардың кең ассортиментімен көтерме саудасы, салықтар – 2015 жылдан бастап 32,5 млн теңге;
- "Арбаша" ЖШС – тауарлардың кең ассортиментімен көтерме сауда, жүк автомобиль көлігінің қызметі, салықтар – 2015 жылдан бастап 526,3 млн теңге;
- "Galanz Bottlers" АҚ – алкогольсіз сусындар, минералды суларды және бөтелкедегі басқа да суларды өндіретін компания. Салықтар – 2015 жылдан бастап 17,8 млрд теңге.
САТЫБАЛДЫМЕН СОТТАСҚАН АЛАГӨЗОВ
Тұрсын Алагөзов былтыр Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдымен соттасқан. Ол Сатыбалды өз өкілдері арқылы одан Galanz Bottlers компаниясының 43 пайыз акциясын тартып алды деп мәлімдеген. Алагөзов акцияларды қайтаруды, сондай-ақ 5 млрд теңге көлемінде моральдық шығынды төлеуді талап етті. 4 мамырда астаналық сот Гүлмира Сатыбалдыны «озбырлық» және «адам ұрлау» баптары бойынша кінәлі деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айырған.