×
480.11
532.25
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.11
532.25
5.14

Израиль vs "Хезболла": Сегіз әскери қаза тапқан - BBC

Бүгін, 23:45
Израиль vs "Хезболла": Сегіз әскери қаза тапқан - BBC
BBC

Израиль қолбасшылығы Ливан аумағында жүргізілген құрлық операциясы барысында «Хезболламен» шайқаста сегіз әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлады. Шабуылға қатысқан жеті сарбаз жарақат алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC қызметіне сілтеме жасап.

КАПИТАН БОЛЫП ШЫҚТЫ

Бұдан бірнеше сағат бұрын Ливандағы құрлық басқыншылығы басталғалы қаза тапқан алғашқы израильдік әскери қызметкердің есімі жарияланған. Ол 22 жастағы Эйтан Ицхак Остер есімді капитан болып шықты. Ол партизандық операцияларға қарсы маманданған израильдік элиталық арнайы күштердің «Эгоз» бөлімшесінің топ командирі болған.

«Қарулы күштер, соның ішінде „Эгоз“ бөлімшесінің сарбаздары, „Хезболла“ жауынгерлерінің құрылымдарын тауып, жойды... Әскерлер Израиль ӘӘК-пен бірлесе отырып, террористерді жойып, дәл көздейтін оқ-дәрілер мен жақын қашықтықтағы ұрыс арқылы террористік инфрақұрылымды жойды», — делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.

СОЛТҮСТІККЕ ҚАРАЙ ЖЫЛЖЫҒАН

Қорғаныс министрлігі сондай-ақ Израиль күштері ливандық шекарадан шамамен 400 метр солтүстікке қарай жылжығанын нақтылады.

ЛИВАН ТАРАПЫ РАСТАДЫ

Бұл ақпаратты Ливанның өз әскери күштері де растады, олардың айтуынша, израильдік әскерлер «көгілдір сызықты» — Ливанды Израиль мен оның басып алған Голан биіктіктерінен бөлетін БҰҰ бақылауындағы шекараны — бұзып, елдің ішіне шамамен 400 метр жылжыған.

ФЕЛЬДЕРШЕРЛЕР ДЕ БАР

Ливанның Мемлекеттік Ұлттық ақпарат агенттігі Израильдің оңтүстіктегі Айтарун қаласына жасаған шабуылы салдарынан «қала тұрғындары мен Ислам денсаулық сақтау басқармасының фельдшерлері қатарынан алты бейбіт тұрғын қаза тапты» деп хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, Израиль авиациясы шабуылынан бұл мекеме мен оған қарасты клиника ғимараты «толығымен қиратылған». Одан бөлек, оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жеткен кезде дәрігерлерге «жау дроны» оқ жаудырған.

БЕЙБІТ ТҰРҒЫНДАР ҚАЗА ТАПТЫ

Сәрсенбі күні таңертең Израиль әскерлері шекарадағы Дебель ауылына шабуыл жасап, үш ливандық бейбіт тұрғынның қаза тапқаны туралы хабарланған еді.

Израильдің өзінде бейбіт тұрғындардың қазасы туралы екі мәлімдемеге түсініктеме берілген жоқ.