Қостанайда учаскелік полиция инспекторының плакатына балағат сөздер жазған 21 жастағы қызға ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ ЖАҒДАЙ
Полицияның мәліметінше, оқиға көпқабатты үйлердің бірінде болған. Бейнебақырау камерасына түсіп қалған видеодан екі қыздың лифтке кіргенін, қыздардың бірінің учаскелік полицейдің тұрғындарға ақпараттандыру үшін жапсырған плакатына маркермен жазу жазғанын көруге болады.
ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ
Видео арқылы құқықбұзушы тез анықталды. Қыз баланың құқық қорғау органдарында есепте тұрғаны белгілі болды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Бұл жағдайда қыздың қоғамдық орынды ластауы ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады, – делінген полиция хабарламасында.
Полиция қызға ұсақ бұзақылығы үшін шамамен 185 мың теңге көлемінде айыппұл салынғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, ШҚО-да полицейлер қос азаматтығы бар 48 адамды анықтады.