×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Референдум қарсаңында полиция ел бойынша күшейтілген жұмыс тәртібіна ауысты

03.10.2024, 09:57
Референдум қарсаңында полиция ел бойынша күшейтілген жұмыс тәртібіна ауысты
Көрнекі сурет

Ішкі істер министрлігі полиция ел аумағы бойынша қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылғанын мәлім етті. Бұл республикалық референдумның өткізілуі кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жасалып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕ ЖАҒДАЙ

Ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

ІІМ мәліметінше, мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізілетін болады. Олардың техникалық сипаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, терроризмге қарсы қорғалуы қаралады. Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет атқаратын болады.

“Сондай-ақ полицейлер дауыс беру құжаттамасын жеткізуді сүйемелдейді. Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз ететін болады, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде. Ішкі істер органдары дауыс берудің дұрыс және тыныш жағдайда өтуі үшін барлық шараларды қабылдайды” делінген хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН

Кеше Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшірілгені хабарланған.

Елдегі ең үлкен мегаполисте күн сайын 2 мыңнан астам полиция қызметкері құқықтық тәртіпті қорғауға шағыда