Әлеуметтік желіде Алматы облысында әйел мүгедектігі бар 2 жасар баласын ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр, полиция ақпаратты растады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒА ҚАЙДА БОЛДЫ
Оқиға Алматының іргесіндегі Боралдай ауылында болған.
ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ
Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда аулада бөтеннің баласын соққан әйелдің үстінен іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз.