×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Құжатсыз күнелткендер: Қазақстанда 400-ден астам адам құжатсыз жүр

03.10.2024, 20:45
Құжатсыз күнелткендер: Қазақстанда 400-ден астам адам құжатсыз жүр
Ашық дереккөзден

Олардың 200-і Қазақстан азаматтары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚҰЖАТСЫЗДАР АНЫҚТАЛА БАСТАДЫ

Шілде айынан бастап Ішкі істер министрлігі Қазақстанда құжатсыз тұратын адамдарды анықтай бастаған.

ОЛАР КІМДЕР?

Оларға құжаттарды рәсімдеуде көмек көрсетіледі. Көбінесе бұл санатқа тұрақты мекенжайы жоқ адамдар, шалғай аудандарда және шаруа қожалықтарында тұратын адамдар кіреді.

ТЕҢ ЖАРТЫСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР

Қазіргі уақытта Қазақстанда 404 құжатсыз адам бар. Олардың 200-і елдің азаматтары деп танылды, 14-і азаматтығы жоқ адамдар. Қалғандары бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Егер азаматтарға құжатсыз тұратын адамдар туралы мәлімет белгілі болса, тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді сұраймыз. Құқықтық көмек көрсету және білікті кеңес алу үшін әр өңірде жауапты қызметкерлер бекітілген», – делінген хабарламада.

Туындаған сұрақтар бойынша ақпарат алу үшін Көші-қон қызметі комитетіне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады:

  • +7 (701) 171-82-28;
  • +7 (7172) 71-40-73;
  • 71-44-10.