Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НҰРТІЛЕУ НЕ АЙТТЫ?
Кездесуде Сыртқы істер министрі Тоқаевқа өзі басқарып отырған ведомствоның атқарған жұмыстары жөнінде баяндады.
ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛДЫ?
Әуелі Сыртқы істер министрі Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.
НЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ?
Кездесуде Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды.
Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.