Коронавирус инфекциясының «омикрон» штамының Қазақстанға әкелінуінің алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы бас мемлекеттік дәрігердің қаулысы шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаулыға сәйкес, Қазақстанның үкіметтік делегацияларын, авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда Израиль, Чехия, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Бельгия және Египет елдерінен келген азаматтар COVID-19 індетіне қарсы вакцинациялаудың толық курсының бар-жоғына қарамастан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес ПТР әдісімен алынған COVID-19 тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуға міндетті болады.
«Қазақстанға шетелден авиарейстермен келетін (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда) барлық адамдар термометриядан, сауалнамадан өтеді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесін берген күнінен бастап 3 тәуліктен астам уақыт өтпеген (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі) ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті», - делінген қаулыда.
Оларды ертіп алып жүретін адамдарда анықтама бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балалардан, сондай-ақ құжаттамалық растауды ұсынған кезде Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған азаматтардан Анықтама ұсыну талап етілмейді.
Авиакомпания басшылары оларды ертіп алып жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтама бар болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар-жоғына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде 72 сағаттан ерте емес алынған теріс нәтижесі бар Анықтаманы ұсынбаған, осы қаулыға қосымшаға сәйкес шетелден келген жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жол бермеуі тиіс.