×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Билік референдум қарсаңында 12 қалада бейбіт митинг өткізуге рұхсат бермеді

04.10.2024, 09:51
Билік референдум қарсаңында 12 қалада бейбіт митинг өткізуге рұхсат бермеді
фото: ашық дереккөз

Qaharman Kz бақылау тобы референдум өтетін 6 қазан күні елдің 12 қаласында бейбіт митинг өткізу бойынша өтінімдері қабылданбағанын хабарлады. Олар АЭС-ке қарсы наразылыққа шықпақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Qaharman Kz facebook парақшасында 6 қазан күні “STOP АЭС”, “АЭС КЕРЕК ЕМЕС” тақыптарында бейбіт митинг өткізбек болып, елдің 12 қаласындағы жергілікті атқару органдарына 45 өтінім жібергенін, олардың бәріне бас тарту келгенін айтады.

БАС ТАРТУ СЕБЕБІ

Жергілікті әкімдіктер бас тарту себебі ретінде митинг өткізуге сұраған орындар іс-шара өтетіндіктен бос еместігін, сұралған жерлерде абаттандыру, жарықтандыру жұмысы жүретінін, референдум күні үгіт-насихатқа тыйым салынған сияқты жағдайларды келтірген.

БАС ТАРТЫЛҒАН МИТИНГТЕР

Qaharman Kz "АктивистыНеЭкстремисты" мониторинг тобының құқыққорғаушылары ұсынған дерекке сүйеніп, 2020 жылғы 30 шілде мен 2024 жылғы 2 қазан аралығында бейбіт митинг, жалғыз адамдық пикет өткізу бойынша өтінімдердің 658-іне бас тартылғанын айтады. Олардың 107-сі 2024 жылдың үлесіне тиеді.