×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

«Осындай жоғары стандарт болуы керек»: Тоқаев онлайн соттардың әсері жайлы айтты

04.10.2024, 11:20
«Осындай жоғары стандарт болуы керек»: Тоқаев онлайн соттардың әсері жайлы айтты
Ulysmedia коллажы

Астанада Қазақстан судьяларының съезі өтіп жатыр. Отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, онлайн соттар туралы ойын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПРЕЗИДЕНТ НЕ ДЕЙДІ

– Биыл сот отырыстары алғаш рет онлайн көрсетіле бастады. Осындай тәсілмен екі сот процесі өтті. Сот істері миллиондаған адамның көз алдында мейлінше ашық жүргізілді. Мұндай қадам жұрттың сот жүйесіне сенімін нығайта түсті деуге болады. Бұл – әрине, бұрын-соңды болмаған жаңашылдық. Сондықтан судьялар мен айыптаушыларға қойылатын талап күшейді. Сотқа қатысушы тараптар ашық сот алаңында өз ойларын еркін жеткізе алады. Барлық сот отырысында осындай жоғары стандарт болуы керек. Сотты онлайн өткізудің тағы бір ұтымды тұсы бар. Азаматтардың құқықтық сана-сезімі өзгеріп келеді. Заңгер мамандығына деген қызығушылық артты. Жастар заң саласындағы мамандарды үлгі тұта бастады. Мұның бәрі қоғамда кәсіби маман болу құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді,– деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, жалпы сотты онлайн өткізу жұрттың құқықтық мәдениетін көтеруге оң әсерін тигізіп жатыр.

ОНЛАЙН СОТТАР

Еске сала кетейік, биыл азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың, автобус жүргізушісін ұрған Дархан Ахметжановтың соты онлайн режимде көрсетілген еді.