×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

20 000 теңге: жаңа мерейтойлық банкнот айналымға шығады

01.12.2021, 09:07
20 000 теңге: жаңа мерейтойлық банкнот айналымға шығады
Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банктің хабарлауынша, бұл банкнот заңды төлем құралы болып танылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сонымен қатар, 2015 жылғы үлгідегі номиналы 20 000 теңгелік банкноттар да заңды төлем құралы болып қалады. Ұлттық банк бұған дейін 2016 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың портреті бар мерейтойлық банкнотты айналысқа шығарған.

Банкноттар екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) және «Қазпошта» АҚ арқылы айналысқа түседі. Банкноттарды аумақтық филиалдарға жеткізуге, ЕДБ-ның қолма-қол ақша алуға және т.б. арналған өтінімдеріне байланысты белгілі бір рәсімдік сәттер бар. Алдын ала деректер бойынша, банкноттар 2021 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде айналымға шығады.

Банкноттың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – теңгенің банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес жасалған. Мерейтойлық банкноттың 27 қорғаныш элементі бар. Банкноттың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған: бет жағында негізінен тік бейнелер, сыртқы жағында көлденең бейнелер қамтылған. Банкнота басым сұр түсте жасалған. Банкноттың мөлшері 155х79 мм. Банкноттардың таралымы – 3 млн.

“Бұл банкнотты шығаруға жұмсалған шығындар басқа банкноттарға жұмсалған шығыстармен салыстырмалы түрде бірдей. Құны бойынша айырмашылықтар жоқ. Шығындардың негізгі үлесі материалдар мен жұмыстарды сатып алуға, атап айтқанда, банкнотқа бейнелер мен қорғаныш элементтерін қолдануға жұмсалды. Банкноттың дизайнын Ұлттық Банк мамандары әзірледі. Банкноттар мен монеталарды шығару бойынша шығыстар Ұлттық Банктің сайтында жыл сайын жарияланатын шоғырландырылған қаржылық жылдық есепте көрсетіледі”, – деп хабарлайды ҰБ-дан.