×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сот Бишімбаевты неге ата-ана құқығынан айырмағанын түсіндірді

04.10.2024, 14:57
Сот Бишімбаевты неге ата-ана құқығынан айырмағанын түсіндірді
ашық дереккөз

Астана соты Қуандық Бишімбаевты әкелік құқығынан айырудан не себепті бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот экс-министр балаларының денсаулығына қарап, білім және тәрбие беруде атсалысқанын мәлімдеді.

Сот Қуандық Бишімбаевтың балаларының денсаулығын қаратуға, білім мен тәрбие беруге атсалыспады деген айыпқа қатысты ешқандай дәлел таппаған. 

Ал "Неке және отбасы туралы" кодекстің 75-бабында көрсетілген себептерден тыс азамат ата-ана құқығынан айырылмайды:

- Ата-аналық міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден жалтарса;
- өз баласын перзентханадан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған және өзге де ұйымдардан алып кетуден дәлелді себептерсіз бас тартса;
- Ата-ана құқығын асыра пайдаланса;
- Балаға қатыгездік көрсетіп, оның ішінде оған физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық көрсетіп немесе жыныстық қолсұғушылық болса;
- Құмар ойын, бәс тігу, алкогольдік сусындарды, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе осыларға ұқсас нәрселерді шектен тыс пайдаланса.

Соттың Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырмаудың тағы бір себебі – баласының, жұбайының немесе басқа отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауы.

Асқан қатігездікпен өлтірілген Салтанат Нүкенованы сот отбасы мүшесі ретінде санамады.

Сотталушының денсаулығына, адамгершілік тәрбиесіне, дене, психикалық, рухани дамуына, материалдық және тұрмыстық қамтамасыз етілуіне, балаларды оқытуға және еңбекке дайындауға мән бермейтіні, сондай-ақ дәлелді себептерсіз балаларды қарамағаны туралы дәлелдер сотта ұсынылмады, – делінген хабарламада.

Естеріңізде болса, бұған дейін экс-министрдің экс-жұбайы Назым Қаһарман Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру бойынша сотқа жүгінген болатын.