Жақында Андрей есімді жігітке тұрмысқа шыққан актриса Фариза Ескермес НТК телеарнасындағы Taboo бағдарламасына берген сұхбатында отбасында қандай келін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
«СЕН КЕЛІН ЕМЕССІҢ...»
Оның (Андрейдің – ред.) отбасы мені керемет қабылдады. Оның әкесі де, анасы да маған Фариза немесе келін деп емес, қызым деп қарайды. Үйіне келген бірінші күні анасы маған «сен келін емессің, сен басқа адам емессің, сен біздің қызымызсың, мен өмір бойы қызды болуды армандадым» деді, - дейді актриса.
«ҚАТТЫ ЕРКЕЛЕТЕДІ»
Оның айтуынша, күйеуінің анасы бұған ыдыс жудырмайды екен.
«Мен Құдайдан қыз сұрағанда маған сен секілді қызды берді, мен мұны сый ретінде қабылдаймын» деді. «Мен сені Дэви деп атасам бола ма» деді. Ол «жарық» деген мағынаны білдіреді екен. Қатты еркелетеді. Мен олардың үйіне барғанда ыдыс жумаймын. Жудырмайды. Орнымнан тұрғызбайды. Мақтанғаным емес, бұл мені таңғалдырды. Шын мәнінде маған ештеңе істетпейді. Оның орнына «жай ғана отырып сөйлесейікші, әңгіме айтайық, шай ішейік, билейік» дейді. «Үйдің шаруасын істемей-ақ қояйықшы» деп айтады, – дейді Фариза Ескермес.
ФАРИЗА ЕСКЕРМЕС
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Актерлік шеберлік» мамандығы бойынша бітірген. Студент кезінен бастап қыздардан тұратын JayRun тобында ән айтқан. Сондай-ақ ол «Бажа», «Алаяқтар», «Алтын тақ», «Дала қырандары» фильмдеріне түскен.