Блогер Әлішер Теменов ағаттық жібергенін мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КЕШІРІМ СҰРАУЫ
– Қазақ елінің алдында жасап қойған үлкен бір еркелігімді аруақ кешірсін деген ниетпен дәл қазір Мұқағали атамыздың үйінің алдында тұрмын. Барша қазақ елінен жасаған үлкен қателігім үшін кешірім сұраймын, – дейді Теменов.
Өзін рилсмейкер ретінде таныстырып жүрген Әлішер Теменов жарнама жасаған кезде ақын Мұқағали Мақатаевқа тіл тигізіп, сынға қалған.
– Мұқағали Мақатаев жалпы “жаловаться” ете беретін сорлы еркек болады ғой – вот сондай. “Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай, мына адамдар неге жатыр тойламай” дейді. “Ей, сен бл… (былапыт сөз) бірінші жасасаңшы туған күніңді – сосын барамыз ғой, – деген блогер жарнамасында.
Кейін бұл сөзі үлкен шу туғызып, блогер кешірім сұрау үшін ақынның ауылына баруға мәжбүр болған.