×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Балаева референдум алдында журналистің сотқа тартылуын «заңды» деп есептейді

06.10.2024, 10:27
Балаева референдум алдында журналистің сотқа тартылуын «заңды» деп есептейді
Ulysmedia

«Уральская неделя» басылымының бас редакторы АЭС тақырыбында қала тұрғындарының пікірін білгені үшін сотқа тартылған еді. Осы оқиға жөнінде Ulysmedia.kz тілшісі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның пікірін сұрап көрді.

БАЛАЕВА НЕ ДЕЙДІ

– Референдум алдында«Уральская неделя» басылымының бас редакторы халықтан АЭС жөнінде пікірін сұраған үшін сотқа тартылды. Журналист өз қызметі үшін неге сотқа тартылады?

– Әр заңның өз тәртібі бар. Сайлау орталығы оның барлығын жан-жақты өздеріңізге жариялап, түсіндірді. Сондықтан ондай олқылықтар болып жатады. Бірақ ол ауқымды емес. Бірен-саран сондай бұзушылықтар бар. 

– Басылыммен байланыста болдыңыз ба? Өзіңіз сөйлесіп көрдіңіз бе?

– Жоқ, көрген жоқпын. Сауалнаманың өзінің тәртібі бар ғой. Сондықтан тәртібін алдын ала барлығына ескертіп, жариялағанбыз. Оны бұзуға болмайды.

– Ол тек сұхбат болғанын айтады. 

– Оған бағаны нақты заңгерлер береді. Сол себепті егер нақты шаралар қабылданса, демек бұл заңды болғаны, яғни оның әрекеттерінде бұзушылықтар болған.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Тұрғындар пікірін сұрап, жариялағаны үшін "сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу ережесін бұзды" деп танылып, 110 760 теңге көлемінде айыппұл арқалаған «Уральская неделя» басылымының бас редакторы және құрылтайшысы Тамара Еслямов жайлы бұған дейін ақпарат тараған. Журналист facebook парақшасында өзіне мәжіліс депутаты Абзал Құспан хабарласып, мәжілістегі журналист Ермұрат Бапи екеуі Жоғарғы сот төрағасының атына хат жазып жатқанын, ол жерде БАҚ-қа қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге тыйым салатын заң нормасының тұжырымдамасын нақтылауды сұрайтынын айтқан.

Депутаттар прокуратура “Сайлау туралы”, “Референдум туралы” заң нормасын еркінше түсініп, оны еркінше кеңейту арқылы журналистік қызметке қолданып жүр деп санайды. Журналист депутаттардың бастамасы үміт ұялататынын айтады.