×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

«Омикрон» штаммының жаңа белгілері қандай?

01.12.2021, 15:54
Фото: ашық дереккөзден

ОАР дәрігері Унбен Пиллэй коронавирустың жаңа штаммы − омикрон жұқтырғандардың белгілері туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Пилейдің айтуынша, дерттің әсері  әзірге «өте жеңіл» өтіп жатыр.  Бірақ «бірдеңе айтуға әлі ерте» дейді.

«Біз тұмау белгілері, құрғақ жөтел, безгегі, түнгі терлеу және дененің ауыруы бар науқастарды көрдік. Менің ойымша, бұл біз көрген барлық басқа covid-19 толқындарымен байланысты», − деді дәрігер.

Бұған дейін Оңтүстік Африканың Медициналық қауымдастығы қатты шаршау омикронның негізгі симптомы деп атады. Сонымен қатар, вирустың бұл түрінен дәм мен иіс сезу жоғалмаған. Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы B. 1.1.529 коронавирусының жаңа штаммын гректің омикрон әрпімен атады. Осыдан кейін Дүниежүзілік медициналық қауымдастықтың (WMA) басшысы Франк Ульрих Монтгомери Омикронның қаупі жұқпалы Эболамен бердей деп мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары