Желтоқсан айында Жер тұрғындары маңызды астрономиялық құбылысты бақылай алады: Солтүстік жарты шардан Леонардо құйрықты жұлдызы көрінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Universe Today-дің мәліметінше, оның ғылыми атауы – C/2021A1. Ғарыш объектісін кез келген адам ешбір құрылғысыз көре алады.
Комета АҚШ астрономы Грегори Леонардоның құрметіне аталған және алғаш рет 2021 жылдың қаңтарында тіркелген. Оның қысқа, тығыздығы жоғары шаң құйрығы бар, ал комета Күнге қарай бет алады. Желтоқсан айының басында телескоптардың көмегімен оны таңғы және кешкі уақытта Жылан, Геркулес және басқа да шоқжұлдыздарының маңынан көруге болады.
12 желтоқсанда Леонардо құйрықты жұлдызы мүмкіндігінше Жерге жақын жерден өтіп, кез келген адам көре алатын болады. Оның жарқырауының шегі 13 және 14 желтоқсанда болады деп күтілуде. Комета Жер мен Күннің арасынан өтеді.
2022 жылдың 3 қаңтарында құйрықты жұлдыз Күнге ең жақын орбиталық нүктеден өтіп, Күн жүйесінен шығады.