×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

ШҚО Зайсан ауданында белгілі спортшы қыз дауыс беруге келді

ШҚО Зайсан ауданында белгілі спортшы қыз дауыс беруге келді
Фото: дереккөз

Заманауи спортта әйелдердің үлкен жетістіктерге жетіп, ұлттық дәстүрлерін сақтауы сирек кездесетін құбылыс. Зайсан ауданының тумасы Замзагүл Файзолланова – сондай қайсар тұлғалардың бірі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша мәселеге қатысты да спорт шебері  өз
азаматтық  белсенділігін көрсетіп, сайлаудан тыс қалмай, Жаңатұрмыс ауылындағы участокте  өз дауысын берді. 

Дзюдо мен қазақ күресі бойынша спорт шебері атанған бұл талантты спортшы, 100 жылдық мерейтойлық «Alash Pride» турнирінде жеңіске жетіп, көпшілік үшін күш-жігердің, табандылықтың символына айналған.

Айта кетейік, бүгін АЭС референдумы бойынша Қазақстанда дауыс беру басталды. Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің заңды деп танылуының шарттарын атаған болатын.