Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша, доллар – 481,84 теңге, еуро – 531,33 теңге, рубль – 5,07 теңге, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 481 теңгеден сатып алынып, 484,8 теңгеден сатылуда.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 482,5 теңгеден сатып алып, 484,2 теңгеден сатуда.
Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында доллар 483,16 теңгеден сатып алынып, 484,13 теңгеден сатылуда.
Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамына қатысты сұрақтарға жауап берген болатын.
Сонымен бірге, кейбір сарапшылар доллардың орташа жылдық бағасы 460 теңгеден аспайды деп уәде еткен Ұлттық банк төрағасының оптимизміне қосылмайды және жақын арада «көк» валюта кем дегенде 500 теңге тұрады деп сендіреді.