×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді

01.12.2021, 20:31
Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы қазақстандық сауда-инвестициялық форумға қатысты. Онда 100-ге жуық адам – ҚР мен БАӘ мемлекеттік органдарының, іскерлік орталарының, ұлттық холдингтері мен даму институттарының өкілдері бас қосты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

primeminister.kz жазғандай, Бүгінгі таңда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынас сапалы жаңа деңгейге көтерілді.

«1991 жылдан бастап БАӘ ҚР экономикасына $4 млрд астам инвестиция салды. Қазақстанда БАӘ капиталының қатысуымен 250-ден астам компания жұмыс істейді. Жаһандық экономикада сақталып отырған сын-тегеуріндерге қарамастан, елдеріміздің ынтымақтастығы нығая түсуде», - деді Асқар Мамин форумның пленарлық сессиясында сөйлеген сөзінде.

Үкімет басшысы екіжақты қарым-қатынастағы маңызды оқиға биылғы қазан айында экономиканың басым салаларында жобаларды дамыту бойынша ұзақмерзімді стратегиялық серіктестік орнату туралы үкіметаралық келісімге қол қою болғанын атап өтті. Құжат ҚР ұлттық экономикасының энергетикалық, агроөнеркәсіптік, көлік-логистикалық, фармацевтикалық және қаржы секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған, инвестициялардың жалпы көлемі $6 млрд-тан асады.

Қазіргі уақытта әмірліктер компаниялары Қазақстанда жалпы құны $3,5 млрд-тан асатын 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысып жатыр. ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Дубай қаласына сапары аясында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ цифрлық көрмесімен танысып, «EXPO 2020 Dubai» көрмесінің тақырыптық павильондарын аралады, сондай-ақ БАӘ жетекші компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Серіктес жаңалықтары