Қостанай облысы Рудный қаласындағы диірменде 4 жұмысшысы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
Қайғылы оқиға 6 қазанда болған.
112 пультіне Қостанай облысының Рудный қаласындағы тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазарту жұмыстарын жүргізу барысында 4 адам түсіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті, – дейді ведомство.
Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері, полиция және жедел медициналық көмектің қызметкерлері дереу жеткен.
Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарып алды. Олар қайтыс болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – дейді төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылардың айтуынша, төртеуі де диірменде жұмыс істеген.