Медицина саласындағы 2024 жылғы Нобель сыйлығы америкалық ғалымдар Виктор Амброс пен Гари Равканға берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.kz.
Физиология және медицина саласындағы 2024 жылғы Нобель сыйлығы микроРНҚ молекуласын ашқаны және оның транскрипциядан кейінгі генді реттеудегі рөлі үшін Виктор Амброс пен Гари Равканға берілді, – делінген сыйлықтың Х әлеуметтік желісіндегі аккаунтында.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Пенсильвания Университетінің Дрю Вайсман мен Каталин Карико медицина бойынша Нобель сыйлығына ие болды, олардың жұмысы коронавирусқа қарсы мРНҚ вакциналарын жасауға негіз болды.
2022 жылы медицина саласындағы Нобель сыйлығын Швед биологы Сванте Паабо алды. Ол жойылып кеткен гоминидтердің геномы мен адам эволюциясы саласындағы жаңалықтары үшін лауреат болды.