×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Қарақшылық шабуылға қатысы бар күдікті елге жеткізілді

Бүгін, 15:45
Қарақшылық шабуылға қатысы бар күдікті елге жеткізілді
ашық дереккөз

Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қылмыстық топтың құрамында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

ҚЫЛМЫСЫ НЕ

Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған. Қылмыстың нәтижесінде мейрамханаиесіне 46 млн. теңгеден астам материалдық залал келтірілген – делінген хабарламада.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНҒАН

Күдіктінің серіктестері қылмыстық жауапқа тартылды, ал күдікті бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. 

Биыл мамыр айында ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталды, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

ҮКІМ ҚАНДАЙ

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.