×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Сынып жетекшілерінің айлығына үш есе үстемақы қашан қосылады – министрдің жауабы

Бүгін, 15:38
Сынып жетекшілерінің айлығына үш есе үстемақы қашан қосылады – министрдің жауабы
ашық дереккөзден

Мектепте сынып жетекшілеріне 3 есе көп үстемақы қашан қосылады? Ulysmedia.kz тілшісі Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан ресми сауал арқылы осы сұрақты қойып көрді.

ОҒАН БЮДЖЕТТЕН ҚОСЫМША ҚАНША ҚАРАЖАТ КЕРЕК

Ulysmedia.kz тілшісі Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа сынып жетекшілеріне қосылатын үстемақы туралы сауал жолдаған.

– Жақында жиындардың бірінде сіздің «сынып жетекшілерінің үстемақысы үш есе көтеріледі» деп айтқан видеоңыз тарады. Оның алдында бұл мәселе Қаржы министрлігімен бірге шешілетінін мәлім еткен едіңіз. Сынып жетекшілеріне үш еселік үстемақы қашаннан бастап қосылады? Бұл мақсатта бюджеттен қанша ақша керек? Министрліктің есебі бар ма? Қаржы министрлігіне осы жөнінде ұсыныс (бюджеттік өтінім) жолданды ма? Қазақстанда қанша сынып жетекшісінің айлығына үстемақы қосылады? – деп сұралды министрден.

ЖАУАП

Ғани Бейсембаевтың жауабы толыққанды болмады. Атап айтқанда, бұл бағытта қанша қаражат керектігін министрлік нақты атамады.

– Қолданыстағы Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесімен (бұдан әрі-Еңбекақы төлеу жүйесі) сынып жетекшілігі (топ жетекшілігі) үшін базалық лауазымдық айлықақыдан (бұдан әрі-БЛА) 50% және 60% мөлшерінде (1-4 сыныптар үшін БЛА-дан 50%, 5-11 сыныптар үшін БЛА-дан 60%, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында БЛА-дан 50% мөлшерінде) қосымша ақы қарастырылған. Қазіргі уақытта педагогтерге сынып жетекшілігі (топ жетекшілігі) үшін Еңбекақы төлеу жүйесімен белгіленген қосымша ақының қолданыстағы мөлшерін ұлғайту мәселесі пысықталуда. Өз кезегінде министрлік ұсынылған бастамаға бюджет қаражатының қосымша қажеттілігін айқындап, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға заңнамада белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізуді жоспарлап отыр. Сынып жетекшілігі (топ жетекшілігі) үшін белгіленген қосымша ақының қолданыстағы мөлшерін 3 есеге ұлғайту мәселесі әзірше талқылануда, – делінген жауапта.

Қазіргі уақытта Қазақстанда сынып жетекшілігі үшін мұғалімдердің тек 10 мың теңге үстемақы қосылады.