Петропавлда жеке тұрғын үйден өрт шығып, үш адам тірідей жанып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаза болғандардың бірі – үш жасар бала.
Қайғылы оқиға Петропавлдағы Жұмысшы кентінде болған. Өрт ескі «жазғы үйде» басталған. Кейін тілсіз жау жақын орналасқан тағы бір баспана мен көрші үйдің қорасына ауысқан, – делінген облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.
Өрт 84 шаршы метр аумақты шарпыған. Себебі мен келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.
Тілсіз жаумен 20 адам күрескен. Тағы алты техника жұмылдырылды. Өрт 04:12-де оқшауланып, 05:29-да толығымен сөндірілді. Отты сөндіру барысында 2021 жылы туған қыз баланың, 1979 жылы туған ер адамның және 1985 жылы туған әйел адамның мәйіттері табылды, – деп хабарлады ТЖД.