×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Көшпенділер ойындары. Қырғыз спортшылары әлі ренжіп жүр

07.10.2024, 16:46
Көшпенділер ойындары. Қырғыз спортшылары әлі ренжіп жүр
ашық дереккөз

Қырғызстан депутаты Аида Исатбекқызы Астанада өткен көшпенділер ойындарына қатысқан спортшылардың мұңын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24.kg сайтының жазуына қарағанда, көрші елдің спортшылары көшпенділер ойындарынан лайықты деңгейде күтіп алмаған елдің спорт министрлігіне наразы.

Біздің 56 спортшы алтын, күміс, қола жүлделер иеленді. Алайда Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі көшпенділер ойындарының қатысушыларына назар аударған жоқ. Оларды күтіп алмады. Маған: "Бұл Олимпиада болмағанымен, бүкіләлемдік ойындар. Біздің бренд" деп айтып жатыр. Олар да жарысқа дайындалды, біздің туымызды көтерді, абыройымызды қорғады. Неге лайықты құрметке ие болмады? – деді қырғыз депутаты Аида Исатбекқызы.

Еске салайық, Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы Қырғызстанның көкпаршыларынан басым түсіп, жеңіске жетті. Алайда ойын барысында Қазақстан спортшысы қарсылас ойыншыны қамшымен ұрып, бұл дауға ұласқан болатын.

Қырғызстандық көкпаршылар Қазақстан құрамасын қарымта ойынға шақырды, алайда біздің көкпаршылар ол ұсыныстан бас тартқан.